Газдандыру мәселесі халық қалаулыларының назарда

Газдандыру мәселесі халық қалаулыларының назарда

Алматы облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының онлайн түрде жиналысы өтті.
Жиналысты облыстық депутаттық фракция жетекшісі, әрі облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары ретінде өзім төрағалық етіп, депутаттар партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы, өңіріміздегі елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары, облыс бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалардың жұмысының жүйелігін күн тәртібінде қарастырдық.


Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Р. Алпысбаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқарма басшысы Б.Тәнекенов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Жақсыбаева, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директоры орынбасары Ж.Әзбергенов, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары С.Арзанбекованың есептерін тыңдап, халық қалаулылары түрлі мәселелерді көтерді. Соның бірі шалғай аудандарды газдандыру мәселесінің өзектілігін атап өтіп, тиісті басқарма басшысы Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының 231,3 мың тұрғыны бар 74 елді мекенін газдандыру мақсатында «Талдықорған-Үшарал» магистральды газ құбырының құрылысы» техника-экономикалық негіздеме әзірлеуге 96,9 млн. теңге бөлінгендігін атап өтіп, газ құбырының ұзындығы – 224 км екендігін тілге тиек етті.
Халық қалаулылары жиналыс соңында басқарма басшыларына ұсыныстарын беріп, шешімнің орындалуы бойынша тапсырмалар берілді.